“Қарапайым заттар экономикасы” импортталатын әлеуметтік маңызы бар жалпы тұтынатын тауарларды және азық түлікті өзіміз өндіру үшін құрылды. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу мен қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді, бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға жәрдем етеді және Қазақстан Республикасының импорттан тәуелділігін төмендетеді.
“Қарапайым заттар экономикасына” 9 ірі банк және Аграрлық кредиттік корпорация қатысады. Мемлекет түпкілікті мөлшерлемені 7-7,5%-ға төмендете отырып, кәсіпкерлерге кредиттерді субсидиялайды. Қаржыландырудың жеңілдік талаптары кәсіпкерлерге жаңа өндірістер ашуға немесе қолда бар өндіріс желілерін жетілдіруге мүмкіндік береді. «Қарапайым заттар экономикасының» мерзімі 2023 жылдың соңына дейін созылды.
«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы) «Қарапайым заттар экономикасы» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге қаржы агенттері арқылы жеңілдікпен кредиттеуді ұсынады.
Бағдарламаның қаржы агенттері («Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ қаржыландыруының желісі бойынша):
«Банк ЦентрКредит» АҚ, «Jusan bank» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ.
Кредитті кім ала алады: Жеке кәсіпкерлік субъектілері (шағын, орта және ірі бизнес)
Нысаналы мақсаты: Инвестициялар және айналым қаражатын толықтыру. Қайта бастау негізде айналым қаражатын толықтыруға рұқсат беріледі.
*Агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу, өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлер үшін сыйақы мөлшерлемесінің түпкілікті мөлшері – жылдық 7%-ға дейін (мемлекет Ұлттық Банк базалық ставкасынан айырмасын субсидиялайды)
*1101 ЭҚЖК бойынша өңдеу саласындағы кәсіпкерлер үшін сыйақы мөлшерлемесінің түпкілікті мөлшері – жылдық 7,5%-ға дейін (мемлекет Ұлттық Банк базалық ставкасынан айырмасын субсидиялайды)
**Кредиттеу /субсидиялау мерзімі – инвестицияларға 10 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін
Бағдарламаның толық мәтіні
ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРТУЛЕР